Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Мұхтар Әуезов атындағы Ұлттық драма театрына 100 жыл толды

Мұхтар Әуезов атындағы Ұлттық драма театрына 100 жыл толды

Ғасырлық тарихы бар киелі өнер ордасы қазақ руханияты мен драматургиясының алтын қазынасын қалыптастырды

QazMonitor Logo
М.Әуезов атындағы театр
М.Әуезов атындағы театр

Қазақ руханиятының қара шаңырағы саналатын Мұхтар Әуезов атындағы Ұлттық драма театры өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтуде. Ғасыр бұрын «Еңлік-Кебек» спектаклімен ашылған театр шымылдығы содан бері ел тарихындағы талай тағдырлы кезеңді, ұлттың арман-мұратын сахна тілімен өрнектеп келеді.

Осы уақыт аралығында киелі сахнада қазақ драматургиясының жауһар туындылары – «Абай», «Қобыланды», «Қарагөз», «Айман – Шолпан» және басқа да классикалық шығармалар қойылып, ұлттық театр өнерінің алтын қорын қалыптастырды.

«Өнер ошағы Алматыға қоныс аударып, 1937 жылы академиялық мәртебе алды, кейін оған Мұхтар Әуезовтің есімі берілді. Бүгінде «Ұлттық» мәртебеге ие театр әлемдік мәдени кеңістікке батыл қадам жасап келеді. Театр бүгінде ұлт өнерін өркендетіп, дәстүр сабақтастығын сақтап, үлкен шығармашылық орда қалыптастырып отыр.Театр ұжымына зор денсаулық, шығармашылық шабыт, өнер жолында жаңа жетістіктер тілеймін!» – деді театрды мерейтойымен құттықтаған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.