Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. 2026 жылы шетелден онлайн-сауда жасау қымбаттайды: Жаңа салықтар мен ережелер

2026 жылы шетелден онлайн-сауда жасау қымбаттайды: Жаңа салықтар мен ережелер

Интернет арқылы шетелден тауар сатып алудың жаңа ережелері күшіне енді

QazMonitor Logo
Karolina Grabowska/Pexels
Karolina Grabowska/Pexels

Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі ЕАЭО аясындағы тауарлардың электронды саудасы туралы келісім жобасын мақұлдаған болатын. Құжат қол қоюға қажетті мемлекетішілік процедуралардан өту үшін ұйымға мүше мемлекеттерге жіберілді, деп хабарлайды QazMonitor.

Жаңа ережелерге сәйкес, шетелдегі интернет-дүкендерден сатып алынатын барлық тауарлар бұдан былай «жеке пайдалануға арналған тауар» болып саналмайды. Олар енді «электронды сауда тауарлары» мәртебесіне ие.

ЕАЭО елдеріне шетелден тауар әкелудің бажсыз шегі 200 евро деңгейінде қалды. Егер тауардың құны 200 еуродан аспаса, баж салығы алынбайды. Ал егер сатып алынған тауар 200 еуродан қымбат болса, онда сатып алудың жалпы сомасынан 5% көлемінде баж салығы төленуі тиіс.

Сонымен қатар, 16% мөлшеріндегі қосылған құн салығын ескеру қажет. Ең төменгі баж салығы тауардың әр келісіне 1 увроны құрайды. Мысалы: Егер құны 300 еуро болатын тауар сатып алынса, оны алған кездегі жалпы шығын шамамен 360 еуроға жетеді.

Айта кетерлігі, бұл ережелер ЕАЭО елдері ішіндегі - Армения, Беларусь, Қырзызстан және Ресейден жасалатын сауда-саттыққа қатысты емес.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.