Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Жасанды интеллект және мектеп: Қазақстан қай жолды таңдауы керек

Жасанды интеллект және мектеп: Қазақстан қай жолды таңдауы керек

Сарапшылар басқарылатын енгізуді бақылаусыз цифрландыруға балама ретінде ұсынды

QazMonitor Logo
Pexels / Pavel Danilyuk
Pexels / Pavel Danilyuk

TALAP қолданбалы зерттеулер орталығы мектептегі білім беру жүйесіне жасанды интеллектінің енуіне арналған зерттеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды QazMonitor. Төрт айға созылған жұмыс аясында білім беру процесіне қатысатын барлық тараптың пікірі жинақталған.

Зерттеу барысында оқушылардың нейрожелілерді үй тапсырмасын орындау, баяндама әзірлеу және ақпаратты жедел іздеу үшін белсенді пайдаланып жүргені анықталған. Бұл жағдайда технологиялар баланың орнына ой қорытып, дәлел ұсынып, деректерді тексеру функциясын атқара бастайды.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай тәжірибе тапсырмаларды орындау мен оқу материалын нақты түсіну арасындағы байланысты әлсіретеді. Нәтижесінде оқушылардың дербес ойлау дағдылары біртіндеп төмендейді.

Әсіресе бастауыш сынып оқушылары осындай үдерістерге бейім келеді. Бұл кезеңде сөйлеу, зейін және логика сияқты базалық қабілеттер қалыптасатындықтан, дербес тәжірибенің орнын технология басуы ойлау үдерісінің дамуына кері әсер етуі мүмкін.

«Қазақстандағы мектептік білім берудегі жасанды интеллект» атты зерттеуге 300-ден астам адам қатысқан. Олардың қатарында оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер, мектеп директорлары, білім беру саласының басқарушылары, EdTech компаниялары мен сарапшылар бар.

TALAP орталығының директоры Рахым Ошақбаевтың айтуынша, басты мәселе жасанды интеллектінің өзінде емес, оны мектепте қолданудың нақты қағидаларының болмауында. Оның сөзінше, бірқатар елдерде ИИ-ді енгізу тәуекелдерді бағалай отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Зерттеу авторлары Қазақстан үшін басқарылатын тәсілді таңдауды ұсынып отыр. Бұл – жасанды интеллектіні шектеу емес, оның қолдану аясын нақты белгілеп, мұғалімнің жетекші рөлін сақтай отырып, оқушылардың зейін, логика, сөйлеу және ойды дәлелдеу сияқты негізгі дағдыларын дамытуға басымдық беру.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.