Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. АХҚО деректер нарығына арналған жаңа цифрлық платформаны іске қосты

АХҚО деректер нарығына арналған жаңа цифрлық платформаны іске қосты

AIFC Data Marketplace деректерді сатып алу мен сатуды жеңілдетеді

QazMonitor Logo
Pexels / Jakub Zerdzicki
Pexels / Jakub Zerdzicki

Жаңа алаң аналитика, ғылыми зерттеулер, өнім әзірлеу және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін деректерге мұқтаж пайдаланушыларға, сондай-ақ өз деректерін ашық әрі түсінікті шарттармен ұсынуға дайын дерек иелеріне арналған, деп хабарлайды QazMonitor.

Платформа арқылы дайын деректер жиынтықтарын (датасеттерді) табуға және сатып алуға, сондай-ақ жеке деректер базасын орналастырып, оны пайдаланудан табыс табуға болады.

AIFC Data Marketplace пайдаланушыларға бірқатар мүмкіндіктер ұсынады. Атап айтқанда, құрылымдалған датасеттер каталогы, салалар мен міндеттер бойынша ыңғайлы іздеу және сүзгілер, сондай-ақ деректермен жұмыс істеудің түсінікті әрі ашық шарттары қарастырылған. Сонымен қатар, платформа дерек иелері үшін жаңа коммерциялық мүмкіндіктер ашады.

Жаңа цифрлық шешім деректерге қолжетімділікті жеңілдетіп, оларды пайдалану үшін сенімді және айқын экожүйе қалыптастыруды көздейді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.