Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. ChatGPT-ге жарнама енгізу сынақтан өткізіліп жатыр

ChatGPT-ге жарнама енгізу сынақтан өткізіліп жатыр

OpenAI компаниясы танымал ChatGPT платформасында жарнама орналастыруды сынап көруде

QazMonitor Logo
Pexels / Matheus Bertelli
Pexels / Matheus Bertelli

Жарнама АҚШ-тағы тегін нұсқа мен Go тарифі пайдаланушыларына көрсетіледі. Ал Plus, Pro, Business, Enterprise және Education жазылымдарын пайдаланатындар әдеттегі тәртіппен, жарнамасыз қызметті қолдана береді, деп хабарлайды QazMonitor OpenAI компаниясына сілтеме жасап.

Компания жарнама ChatGPT жауаптарына әсер етпейтінін, ал қолданушылардың чаттары жарнама берушілерге ашылмайтынын атап өтті. Жарнаманы қолданушының қызығушылығына және әңгіме тақырыбына сәйкес көрсету жоспарланған. Мысалы, мәзір іздеген кезде тамақ жеткізу қызметінің ұсынысы көрінуі мүмкін. Сонымен қатар жарнама 18 жасқа дейінгі қолданушыларға көрсетілмейді және денсаулық, саясат пен психологиялық жағдай сияқты сезімтал тақырыптарға жарнама шығару жоспарланбайды.

Пайдаланушылар жарнамаға қатысты деректерді өздері басқара алады және өзара әрекет тарихын өшіру мүмкіндігіне ие болады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.