Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Павлодар облысында мектептегі буллингті анықтауға жасанды интеллект енгізілді

Павлодар облысында мектептегі буллингті анықтауға жасанды интеллект енгізілді

№48 мектептегі AI mektep жобасы оқушылар арасындағы әлімжеттікті бақылауға алды

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Павлодар облысында балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған кешенді жүйе енгізіліп жатыр. Өңірде жасанды интеллект пен автоматтандырылған платформалар мектептегі буллинг, зорлық-зомбылық және өз-өзіне қол жұмсау тәуекелдерін ерте кезеңде анықтауға көмектеседі, деп хабарлайды QazMonitor.

Бағдарлама төрт негізгі бағытты қамтиды: балалардың қауіпсіздігі, білім алу құқығы, денсаулығы, сондай-ақ отбасы және әлеуметтік қорғау саласындағы құқықтары.

2025 жылдан бастап өңірде HR+ автоматтандырылған жүйесі енгізіліп жатыр. Облыс әкімдігінің мәліметінше, платформа өз-өзіне қол жұмсау тәуекелдерін, буллинг пен зорлық-зомбылық белгілерін анықтауға арналған. Жоба өңірдегі 143 мектептегі 92,5 мың оқушыны қамтыды. Жүйені қолдану нәтижесінде педагог-психологтарға түсетін жүктеме айтарлықтай азайған. Бұл мамандарға балалармен жеке жұмыс көлемін арттыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар білім беру ортасын цифрландыру аясында бейнебақылау жүйелеріне жасанды интеллект элементтері енгізіліп жатыр. Мәселен, Павлодар қаласындағы №48 мектепте іске асырылып жатқан «AI mektep» пилоттық жобасы оқушылар арасындағы әлімжеттік пен қауіп-қатер белгілерін ерте анықтауға бағытталған.

Екі жылдан бері өңірде өңірлік психологиялық қолдау орталығы, «111» байланыс орталығы және 2808 сенім телефоны жұмыс істейді. Бүгінге дейін «111» желісі арқылы 60 өтініш қаралса, 2808 сенім телефонына 141 өтініш келіп түскен. Әрбір жағдай салалық мамандарды тарта отырып қарастырылып, балалар мен олардың отбасыларына жедел көмек көрсету қамтамасыз етілген.

Оқу жылының басынан бері барлық мектептерде оқушылардың өзін-өзі қорғау, құқықтық сауаттылық және жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған қауіпсіздік сабақтары енгізілді.

Сондай-ақ биыл облыста 125 млн теңгеге ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған бес инклюзия кабинетін ашу жоспарланып отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.