Қазақстанда балалардың интернетке қауіпсіз қосылуын қамтамасыз ететін балаларға арналған SIM-карталарды тіркеу тетігін енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды QazMonitor.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевтің мәліметінше, мұндай SIM-карталар интернет-трафик пен мобильді қосымшаларға қолжетімділікті шектеуге, контентті сүзгілеуге, уақыттық шектеулер орнатуға, тек алдын ала бекітілген контактілермен ғана қарым-қатынас жасауға және бақылауға мүмкіндік береді. Бұл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қарастырылған.
«Сонымен қатар, ата-аналық бақылау функциясы қазіргідей өз еркімен ерікті түрде емес, ата-аналар үшін міндетті бақылау ретінде енгізіледі. Ата-ана тарапынан болатын тұрақты бақылау функцияларын реттеу баланың орналасқан жерін қадағалап отыруды және желідегі ықтимал қауіпті әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді», делінген министрлің депутаттық сауалға берген жауабында.
Бұған қоса, ол биылғы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында оқушылардың, педагогтар мен ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыру жалғасатынын атап өтті.