Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстанда AI Governance Cup ұлттық сыйлығы басталды

Қазақстанда AI Governance Cup ұлттық сыйлығы басталды

Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда жасанды интеллектіні жүйелі енгізуге арналған байқауға өтінімдер 3-13 наурыз аралығында қабылданады

QazMonitor Logo
Tima Miroshnichenko / Pexels
Tima Miroshnichenko / Pexels

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бірлесіп, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдану тәжірибесін дамытуға бағытталған AI Governance Cup ұлттық сыйлығының басталғанын жариялады, деп хабарлайды QazMonitor.

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа сыйлық қолданбалы құндылығы дәлелденген және нақты өлшенетін нәтижелерге қол жеткізген жобаларды қолдаудың тиімді тетігіне айналады.

Алты номинация бойынша байқау

Сыйлық мемлекеттік басқаруда цифрландыру және ЖИ шешімдерін енгізудегі елеулі жетістіктер үшін конкурстық негізде табысталады. Байқау алты номинацияны қамтиды:

  • «AI Азаматтарға Қызмет» – халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жобалар;

  • «AI Экономика» – экономика саласындағы ЖИ шешімдері;

  • «AI Әлеуметтік Саясат» – әлеуметтік бағыттағы жобалар;

  • «AI Қауіпсіздік» – қауіпсіздік саласындағы ЖИ бастамалар;

  • «AI Өңір» – жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырған жобалар;

  • «AI Квазисектор» – квазимемлекеттік ұйымдардың жобалары.

Өтінім қабылдау мерзімі

Байқауға қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 3-13 наурыз аралығында govtec.kz/ai-governance-cup сайтында қабылданады.

AI Governance Cup жасанды интеллектіні енгізудің үздік тәжірибелерін таныстыруға, мемлекеттік органдар арасында тәжірибе алмасуға және деректер мен заманауи технологияларға негізделген тиімді шешімдерді ілгерілетуге арналған ұлттық алаң болмақ.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.