Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстанда косметика мен тұрмыстық химияға цифрлық таңбалау жүріп жатыр

Қазақстанда косметика мен тұрмыстық химияға цифрлық таңбалау жүріп жатыр

Өөндірушілер цифрлық таңбалауды сынақтан өткізуде

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Қазақстанда тұрмыстық химия мен косметиканы цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. «Аврора» және «TELLI ONDIRIS» сияқты ірі өндірушілер Data Matrix кодтарын өндіріске енгізіп, алғашқы нәтижелерін көрсетті, деп хабарлайды QazMonitor.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бастамасымен тұрмыстық химия мен косметиканы таңбалау бойынша пилоттық жоба 2025 жылдың 1 шілдесінде басталған болатын. Импорттың жоғары үлесі мен көлеңкелі сегментті ескере отырып, жүзеге асырылып жатқан жоба 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.

Қазіргі таңда 4 отандық өндіруші, 3 импорттаушы және 1 бөлшек сауда субьектісіне эксперименттер жүргізілді. Пилоттық жобаға қатысушылар арасында тұрмыстық химия, косметика және дезинфекциялау құралдарының ірі отандық өндірушілерінің бірі – «Аврора өндірістік кешені бар.

Бұл өндіруші ассортиментіне шамамен 200 өнім кіреді, оның ішінде ыдыс жууға арналған гельдер мен губкалар, сұйық сабын, шын тазартуға арналған спрейлер, сантехникалық тазалағыштар, сұйық кір жуғыш заттар, дақ кетіргіштер және хош иіс диффузорлары бар.

Пилоттық жоба аясында өндірісте таңбалау мен қадағалаудың барлық негізгі процестері өнімдерді тіркеуден бастап, бақылау-кассалық аппараттар арқылы өнімді айналымнан шығаруға дейін көрсетілген. Тәжірибе нәтижелері бойынша таңбалау кодтарын қолдану желінің қызметіне және кәсіпорын қоймасының жұмысына еш әсер етпегені анықталды.

Сонымен қатар тестілеу «TELLI ONDIRIS» ЖШС өндірістік алаңында да жүргізілді. Бұл еліміздегі халықаралық ISO 22716 (GMP) стандартының барлық талаптарына сай келетін алғашқы косметикалық кәсіпорын. Аталған өндіріс орны, сонымен қатар «Халал» сертификатына ие және АҚШ пен Еуропа елдеріне өз өнімін экспорттауға рұқсаты бар.

Қазір компания өз брендтерін шығарып жатыр және қазақстандық компаниялар үшін келісімшарттық негізде өндірісті жүзеге асырумен айналысады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.