Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстанда педагогтерге ЖИ қолдану алгоритмі әзірленді

Қазақстанда педагогтерге ЖИ қолдану алгоритмі әзірленді

Жасанды интеллект дайындаған кез келген материал мұғалімнің тексеруінен өтеді

QazMonitor Logo
Freepik
Freepik

Қазақстанда ЖИ технологияларын мектеп тәжірибесіне енгізудің әдістемелік негіздері бекітілді, деп хабарлайды QazMonitor.

Тиісті талаптар мен шектеулер туралы әдістемені Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген. Онда ЖИ мұғалімді алмастырмайды деген қағида жазылған.

Жасанды интеллект тек сабақ дайындауға, материалды бейімдеуге, талдау жасауға көмектесетін құрал ретінде қарастырылады. Оқушыны бағалау, оқу мазмұнын таңдау және соңғы шешім қабылдау құқығы толықтай мұғалімнің құзырында қалады. Білім нәтижелерін толық автоматтандыруға жол берілмейді. Сондықтан жасанды интеллект дайындаған кез келген материал мұғалімнің тексеруінен өтуі тиіс.

Сонымен қатар құжатта цифрлық қауіпсіздікке ерекше мән береді. Оның ішінде оқушылардың жеке деректерін бөгде сервистерге енгізуге болмайтыны, сабақта қолданылатын платформалар заңнамалық талапқа сай болуы керек екені жазылады. Ал оқушылар ЖИ арқылы дайындалған жұмыстарын өз еңбегі ретінде ұсына алмайды, мұғалімдер қажет болған жағдайда тапсырманы қайта бере алады.

Бұған қоса педагогтерге Canva, ChatGPT, Gemini Storybook, Notebook LM, Reading Coach, Google Lens және өзге де сервистерді сабақта қолданудың дайын алгоритмдері мен сценарийлері берілген. Бұл мұғалімнің әкімшілік жүктемесін азайтып, оқу материалдарын оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.

Аталған әдістемелік ұсыным педагогтер, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының басшылары, оқушылар үшін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайтында қолжетімді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.