Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Жасанды интеллект пен цифрлық сервистер Қарағандыны Smart City-ге жақындатады

Жасанды интеллект пен цифрлық сервистер Қарағандыны Smart City-ге жақындатады

Облыста мемлекеттік қызметтердің 92%-ы онлайн, жасанды интеллект платформалары 50 мыңнан астам қызметкерді қамтиды

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қарағанды облысында цифрлық сервистер мен жасанды интеллект экожүйесі белсенді дамуда, деп хабарлайды QazMonitor.

Өңірге іссапармен барған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері тұрғындарға «Terricon Valley» IT-хабы мен «Стартапшылар аллеясында» жобаларды таныстырып, азаматтарды жеке қабылдады.

Қарағанды облысында электрондық мемлекеттік қызметтердің 92%-ы онлайн қолжетімді. Смартфондар арқылы қызмет алу көрсеткіші 95,9%-ға жеткен. 2025 жылы өңірде 54 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген болса, оның 60%-ы өтініш берусіз және ХҚКО-ға барусыз жүзеге асырылған. Мемлекеттік сервистер 56 сыртқы платформаға біріктірілген.

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Ең көп пайдаланылатын цифрлық құралдар: QR-қолтаңба 29 млн рет, биометриялық сәйкестендіру 9,9 млн рет, цифрлық құжаттар сервисі 37 млн рет қолданылған. Әлеуметтік қолдау саласында eGov Mobile құрамындағы «Әлеуметтік әмиян» қызметі дамып келеді: жалпы білім беретін мектептерге 1,5 млн-нан астам ваучер беріліп, 89 млн-нан астам ыстық тамақ таратылған. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлігінде 708 мемлекеттік дәріхана жүйеге қосылып, 14,4 млн рецепт бойынша дәрі-дәрмек берілген.

Жасанды интеллект экожүйесін дамыту аясында Tomorrow School-да 300-ден астам тыңдаушы білім алуда, AI Sana бағдарламасы бойынша 650 мыңнан астам студент, AI Qyzmet бағдарламасы бойынша 54 мыңнан астам мемлекеттік қызметші дайындықтан өтті. 4 500-ден астам қызметкер Ұлттық жасанды интеллект платформасымен жұмыс істеуге үйретілді. Сонымен қатар, 2025 жылғы 17 қарашада «Жасанды интеллект туралы» Заң қабылданды.

ЖИ шешімдерін енгізу бөлігінде Alem.GPT платформасы таныстырылды. 2025 жылы оның негізінде 20-дан астам мемлекеттік қызмет іске қосылды. 2026 жылы платформаны орталық және жергілікті атқарушы органдардың ең көп сұранысқа ие 50 қызметіне дейін кеңейту, сондай-ақ бизнес пен екінші деңгейдегі банктер үшін ЖИ-агенттерді іске қосу жоспарлануда.

Smart City бағытында Қарағанды 2025 жылы 80,78 балл жинады. Қалада 15 491 бейнебақылау камерасы және 473 жол қауіпсіздігі камерасы орнатылған. 109 Біріңғай байланыс орталығы арқылы бір жылда 110 165 өтініш қаралды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, азаматтарды жеке қабылдау арқылы аяқталды. Көтерілген мәселелердің ішінде жаңа автодромды іске қосу, оны «Азаматтарға арналған үкімет» филиалына беру, сондай-ақ мобильді байланыс пен интернеттің сапасы қаралды. Операторлар жабдықтарды жаңарту жұмыстарын 2026 жылдың тамыз айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.