Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Astana Hub-та ғылыми инфрақұрылымның цифрлық картасы іске қосылды

Astana Hub-та ғылыми инфрақұрылымның цифрлық картасы іске қосылды

Қазақстандағы ғылыми зертханалар мен жабдықтар базасы цифрландырылды

QazMonitor Logo
Lawrence Monk/Pixabay
Lawrence Monk/Pixabay

Қазақстанда ғылыми зертханалар мен жабдықтардың бірыңғай цифрлық базасы іске қосылды. Жаңа E-lab модулі Astana Hub платформасындағы Ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесі» аясында жұмыс істейді, деп хабарлайды QazMonitor.

Жоба ғылым, бизнес және мемлекет арасындағы өзара байланысты күшейтіп, зерттеу инфрақұрылымын іздеуді жеңілдетуге бағытталған. Енді пайдаланушылар зертханалар мен ғылыми жабдықтарды нақты бағыттар, параметрлер және өңірлер бойынша оңай таба алады.

E-lab модулі арқылы ғылыми ұйымдар өз ресурстарын кең аудиторияға ұсынып, жаңа серіктестер мен тапсырыс берушілерді тарта алады. Бұл өз кезегінде ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізу процесін жеделдетеді.

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл бастама ғылым мен бизнестің тиімді өзара іс-қимылына жол ашады.

«Ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесін» дамыту - ғылым мен бизнестің тікелей байланыса алатын ашық әрі тиімді технологиялық ортаны құрудағы маңызды қадам. E-lab модулінің интеграциясы инноваторлар мен кәсіпорындарға зерттеу зертханалары мен заманауи жабдықтарға ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, еліміздің ғылыми әлеуетін алғаш рет жүйелі түрде цифрландыруға мүмкіндік береді», деді ол.

Қазіргі таңда база 2000-нан астам IT-компания мен 900 ғылыми ұйымды біріктіріп отыр. Платформа кәсіби қоғамдастықтың қатысуымен әрі қарай толықтырылып жатыр.

Министрлік өкілдері ғылыми ұйымдарды жүйеге тіркеліп, деректерін жаңартуға шақырады. Бұл ғылыми ресурстардың ашықтығын арттырып, алдағы уақытта жасанды интеллект негізіндегі мониторинг пен қолдау құралдарын енгізуге мүмкіндік береді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.