Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстандық DarkSwitch ойыны әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие болды

Қазақстандық DarkSwitch ойыны әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие болды

Cyber Temple студиясының жобасы релизге дейін-ақ ең көп күтілетін ойындар қатарына енді

QazMonitor Logo
ҚР Жасанды интелект және цифрлық даму министрлігі
ҚР Жасанды интелект және цифрлық даму министрлігі

Қазақстандық Cyber Temple студиясы әзірлеген DarkSwitch ойыны релизге дейін-ақ әлемдік аудиторияның назарын аударып, сұранысқа ие жобалардың біріне айналды, деп хабарлайды QazMonitor.

Жоба алғаш рет Astana Hub қатысушысы ретінде ұсынылды. Ойынның музыкалық сүйемелдеуін Акира Ямаока жазған. Ол бұған дейін Silent Hill сериясының саундтректерімен танымал.

DarkSwitch аңдатпа кезеңінде-ақ үлкен қызығушылық тудырды. 230 мыңнан астам қолданушы ойынды күту тізіміне қосқан. Сонымен қатар жоба өз жанрында аптаның ең көп күтілетін топ-5 ойынының қатарына еніп, ситибилдерлер арасында 8-орынға көтерілді.

DarkSwitch – дарк-фэнтези стиліндегі қала құрылысы симуляторы және экономикалық стратегия. Ойыншы тұманнан төнетін қауіпке қарсы тұру үшін алып ағаштардың айналасында қала дамытып, оның өміршеңдігін қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір шешім қала тағдырына да, кейіпкерлердің дамуына да әсер етеді.

Компанияның негізін қалаушы әрі бас директоры Алексей Назаров жобаны 50-ден астам маманнан тұратын халықаралық команда әзірлегенін айтты. Олардың жартысынан көбі – қазақстандықтар. Сонымен қатар жобаға ТМД елдері, Еуропа, АҚШ және Азия елдерінің мамандары қатысқан.

«DarkSwitch жобасына төрт жылдан астам уақыт жұмсадық. Алғашқы пікірлер біздің еңбегіміздің ақталғанын көрсетіп отыр. Релизге дейін SteamDB платформасындағы Upcoming Releases бөлімінде 5-орынға шығу – үлкен жетістік. Бұл ойынның әлемдегі ең көп күтілетін жобалардың бірі екенін дәлелдейді», – деді ол.

Оның айтуынша, жоба алдағы уақытта кеңейтіліп, консольдер мен басқа да құрылғыларға бейімделеді, қосымша контент (DLC) шығарылады.

Ойынның басты ерекшеліктерінің бірі – тік архитектураға негізделген қала құрылысы. Шектеулі кеңістік ойыншылардан көп деңгейлі инфрақұрылым құруды талап етеді. Жобада 80-нен астам ғимарат түрі мен бірнеше технологиялық даму деңгейі қарастырылған. Барлық графика қолмен жасалған, бұл ойынның бірегей стилін айқындайды.

Қазіргі таңда ойын алты тілде қолжетімді: ағылшын, француз, неміс, қытай, орыс және поляк тілдерінде. Дыбыстау ағылшын және орыс тілдерінде ұсынылған. Сонымен қатар әзірлеушілер қазақ тіліндегі нұсқасын да дайындап жатыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.