Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстанда алғашқы кванттық зертхана ашылды

Қазақстанда алғашқы кванттық зертхана ашылды

Онда елдегі тұңғыш кванттық компьютерлер бар

QazMonitor Logo
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Quantum AI» зертханасы іске қосылды, деп хабарлайды QazMonitor Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Ауқымды жоба алдыңғы қатарлы кванттық жүйелерді өндіруге маманданған SpinQ Technology (ҚХР) халықаралық технологиялық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.

«Жаңа орталыққа заманауи жеті кванттық есептеу жүйесі жеткізілді. Бүгінгі таңда бұл – Қазақстан аумағындағы жалғыз кванттық компьютерлер. Бірегей жабдықтар студенттер мен ізденушілерге оқу сабақтары мен зертханалық жұмыстарды жоғары деңгейде жүргізуге, күрделі ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға және машиналық оқытудың бірегей алгоритмдерін әзірлеуге мүмкіндік береді», делінген ақпаратта.

«Қазіргі уақытта жасанды интеллект, үлкен деректер мен кванттық есептеулер әлемдік ғылым мен экономиканың жаңа бағытын айқындап отыр. Кванттық технологиялар мен ЖИ интеграциясы криптография, медицина және күрделі жүйелерді модельдеу саласындағы бұрын классикалық компьютерлердің қауқары жетпеген ең күрделі міндеттерді шешуге жол ашады», - деді ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев.

Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің деканы Тимур Иманқұловтың айтуынша, отандық мамандар озық жабдықтармен жұмыс істеуге толық дайын.

Жаңа зертхана жоғары курс студенттеріне тәжірибелі тәлімгерлермен бірлесіп, нақты өндірістік жобаларға қатыса алатын ашық платформа ретінде қызмет етеді. Бұл база факультет түлектерінің халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады.

Шарада көпшілікке «Quantum AI»зертханасының және машиналық оқытудың бірегей алгоритмдерін әзірлеу жоспарлары кеңінен таныстырылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.