Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлау күні белгіленді

Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлау күні белгіленді

Президенттің жарлығына сәйкес, алғашқы сайлау 23 тамызда өтеді

QazMonitor Logo
Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап QazMonitor хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын;

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізуді ұйымдастырсын.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды дереу қабылдасын», – делінген құжат мәтінінде.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, кеше Сенат өз тарихындағы соңғы отырысын өткізді.

Еске салайық, 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жалпыхалықтық референдум өтіп, оның қорытындысында жаңа Конституция қабылданды. Жаңартылған Ата заң 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енді. Оның басты жаңалықтарының бірі – Сенаттың таратылып, бір палаталы Құрылтайға көшуі. Жаңа жоғары өкілді орган заң шығару өкілеттігіне ие болады және құрамына бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді.

Сонымен қатар, Халық Кеңесі құрылады. Оның құрамына 126 адам енеді.

Бұған дейін Мәулен Әшімбаев Құрылтайдың құрылуы тек институционалдық реформа ғана емес, сонымен қатар саясатқа басқарушылардың жаңа буынының келуіне мүмкіндік болуы тиіс екенін айтқан еді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.