Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстанда креативті индустрия өкілдеріне арналған QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды

Қазақстанда креативті индустрия өкілдеріне арналған QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды

Жаңа сервис арқылы креаторлар мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысып, өз жобаларын таныстыра алады

QazMonitor Logo
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанда креативті индустрия өкілдеріне арналған QazaqCreative бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылды. Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры тарапынан жүзеге асырылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Жаңа платформа авторлар, дизайнерлер, суретшілер, фотографтар, музыканттар, қолөнершілер, шығармашылық студиялар, продюсерлік орталықтар және креативті индустрия саласында жұмыс істейтін өзге де жеке және заңды тұлғаларға арналған.

Креаторлар www.qazaqculture.com порталындағы QazaqCreative бөлімі арқылы тіркеліп, жеке кабинет аша алады. Пайдаланушылар өз профилін жүргізіп, жобалары мен қызметтері туралы ақпарат жариялауға, мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысуға өтінім беруге және жүйе арқылы хабарламалар алуға мүмкіндік алады.

Платформада гранттық бағдарламалар, жобаларды қаржыландыру тетіктері, білім беру және акселерациялық бағдарламалар, консультациялық, сараптамалық, ақпараттық және цифрлық қолдау құралдары туралы мәліметтер ұсынылған. Сонымен қатар пайдаланушылар байқауларға, питчинг сессияларына, форумдарға, көрмелер мен басқа да салалық іс-шараларға қатыса алады.

Тіркелу үшін www.qazaqculture.com порталындағы QazaqCreative бөліміне өтіп, тіркеу нысанын толтыру қажет. Модерациядан өткеннен кейін пайдаланушының жеке кабинеті ашылады.

Платформа тек креаторларға ғана емес, қазақстандық шығармашылық өнімдер мен қызметтерге қызығушылық танытатын азаматтарға да қолжетімді болады. Жоба креативті кәсіпкерлікті дамытуға, шығармашылық жобаларды қолдауға және Қазақстанның креативті экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.