Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Астанада робот-курьерлер қызметі тестілеуден өте бастады

Астанада робот-курьерлер қызметі тестілеуден өте бастады

Бастапқы кезеңде бұл қызметті Есіл ауданының тұрғындары пайдалана алады

QazMonitor Logo
Qazaqstan Monitor:  Астанада робот-курьерлер қызметі тестілеуден өте бастады

Астанада тапсырыстарды автономды түрде жеткізудің жаңа сервисі пилоттық режимде іске қосылды. Бірінші кезеңде «Есіл» ауданының тұрғындары «Яндекс Лавка» сервисінен тапсырыстарын робот-курьерлер арқылы тегін жеткізуге тапсырыс бере алады. Роботтар жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылыммен өздігінен қозғалып, тапсырыстарды тұрғын үйлерге дейін жеткізеді, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пилоттық жоба Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласы Полиция департаменті, «Astana Innovations» АҚ және Yandex Qazaqstan компаниясының бірлесуімен, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

«Робот арқылы тегін жеткізуге тапсырысты Яндекс Go қосымшасындағы «Лавка» бөлімінде рәсімдеуге болады. Егер көрсетілген мекенжай пилоттық жоба аумағына кірсе, пайдаланушы тапсырысты рәсімдеу кезінде кәдімгі курьерді немесе робот-жеткізушіні таңдай алады. Робот арқылы жеткізу үшін қосымша ақы алынбайды. Робот тұрғын үйге дейін жаяу жүргіншілер бағытымен келіп, кіреберіс маңындағы тротуарда немесе қолжетімді ең жақын орында тоқтайды. Пайдаланушы оның қозғалысын қосымша арқылы бақылай алады, ал робот келгеннен кейін смартфон арқылы жүк бөлігін ашып, тапсырысын алып кетеді», делінген ақпаратта.

Роботтар маршрутты өздігінен құрып, навигация жүйелері, компьютерлік көру және нысандарды тану технологияларының көмегімен айналадағы жағдайды талдайды. Олар кедергілерді анықтап, айналып өтеді, жаяу жүргіншілерге жол береді, жылдамдығын төмендетеді және қажет болған жағдайда қауіпсіз тоқтайды. Орташа қозғалыс жылдамдығы шамамен сағатына 6 шақырымды құрайды, бұл тротуарларда қауіпсіз әрі жайлы қозғалысты қамтамасыз етеді. Бағдарламалық қамтамасыз ету мен датчиктер жүйесінің арқасында роботтар әртүрлі ауа райы жағдайында жұмыс істей алады.

Айта кетейік, 2026 жылғы 15 шілдеде жобаның алғашқы сынақтық іске қосылуы өтті. Мамандар роботтардың қалалық маршруттар бойынша қозғалысын, олардың жаяу жүргіншілермен және инфрақұрылым нысандарымен өзара әрекеттесуін, сондай-ақ қауіпсіз пайдалану тетіктерін тексерді.

Пайта кетейік, жақын арада робот-курьерлер арқылы жеткізу «Нұра» ауданының тұрғындарына да қолжетімді болады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.