Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Астанада Жасанды интеллект бойынша 3-ші Халықаралық IOAI 2026 олимпиадасы басталды

Астанада Жасанды интеллект бойынша 3-ші Халықаралық IOAI 2026 олимпиадасы басталды

Олимпиада 8 тамызға дейін жалғасады

QazMonitor Logo
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Олимпиаданың салтанатты ашылуына IOAI 2026 қатысушылары, команда жетекшілері, байқаушылар және халықаралық олимпиадалық қауымдастықтың өкілдері жиналды. Биылғы жарыс 106 ел мен аумақтан келген 500-ге жуық қатысушының басын біріктірді, деп хабарлады Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Астана жаңа буын зерттеушілері, инженерлер және технология жасаушылардың кездесетін орнына айналды.

«Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданы Астанада осындай бұрын-соңды болмаған деңгейде қабылдау - біз үшін үлкен мақтаныш, елордамыз рекордтық 106 елдің басын біріктірді», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Айта кетейік, IOAI 2026 8 тамызға дейін өтеді. Қатысушылар машиналық оқыту, компьютерлік көру, табиғи тілді өңдеу және жасанды интеллекттің басқа да бағыттары бойынша есептерді шешеді.

Олимпиада бағдарламасына екі жеке тур, командалық челлендж, білім беру кездесулері, халықаралық пікірталастар мен мәдени іс-шаралар кіреді.

Анықтамалық ақпарат

IOAI - мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект бойынша халықаралық ғылыми олимпиада. Ол жас таланттарға жарысу, білім алмасу және жасанды интеллект технологияларын дамытудың озық бағыттарымен танысу алаңы. Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада 2024 жылдан бері өткізіліп келеді және әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан жарыстардың біріне айналған.

IOAI алғаш рет 2024 жылы Бургас қаласында (Болгария) өтіп, 32 ел мен аумақты жинады. ЖИ бойынша екінші халықаралық олимпиада Бейжіңде (ҚХР) өтті, онда 61 ел мен аумақ қатысты. Астана рекордты қатысушылар мен елдердің басы қосылған 3-ші IOAI қабылдауда.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.