Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Астананың білім ұйымдарындағы 12 мыңнан астам бейнекамера жедел басқару орталығына қосылды

Астананың білім ұйымдарындағы 12 мыңнан астам бейнекамера жедел басқару орталығына қосылды

Елордадағы 224 білім беру ұйымынан бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері жедел басқару орталығына қосылған

QazMonitor Logo
Фото: ҚР Ішкі істер минстрлігі
Фото: ҚР Ішкі істер минстрлігі

Елордалық полиция департаменті білім басқармасымен бірлесіп, білім беру ұйымдарындағы бейнебақылау камераларын полиция департаментінің жедел басқару орталығына шығару жобасын жүзеге асыруда. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

«Қазіргі таңда қаладағы 224 білім беру ұйымынан бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері жедел басқару орталығына қосылған. Олардың қатарында балабақшалар, мектептер, колледждер және жоғары оқу орындары бар. Жалпы жүйеге 12 мыңнан астам бейнекамера шығарылған. Бұл жүйе білім беру ұйымдарындағы жағдайды тұрақты бақылауға, ықтимал құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және оқиға болған жағдайда полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді», деді ведомтсвода.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарында орнатылған дабыл түймелері төтенше жағдай туындаған кезде полицияға шұғыл хабар беруге мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен білім беру ұйымдарында 100-ден астам құқық бұзушылық анықталған. Негізгі анықталған фактілер қатарында төбелес, шылым шегу және спирттік ішімдік ішу жағдайлары бар.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.