Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Балқаш оқушылары ақылды жылыжайлар әзірлеп жатыр

Балқаш оқушылары ақылды жылыжайлар әзірлеп жатыр

Биыл бес мектеп командасына өз идеяларын жүзеге асыру үшін 1,5 млн теңгеге дейін грант берілді

QazMonitor Logo
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Еуразия Орталық Азия қоры әзірлеген «Balkhash STEAM Serpini» бағдарламасы аясында Балұаш қаласының оқушылары ақылды жылыжайлар, автоматтандырылған суару жүйелері, микроклиматты цифрлық бақылау және экологиялық жобалар жасап жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі хабарлады.

Екі жыл ішінде бағдарламаға 535 оқушы мен 67 педагог қатысты. Балалар робототехника, бағдарламалау, инженерия, экология және 3D-модельдеу бағыттарын меңгеріп, кейін алған білімдері негізінде өз жобаларын әзірлейді.

Биыл бес мектеп командасына өз идеяларын жүзеге асыру үшін 1,5 млн теңгеге дейін грант берілді. Жас әзірлеушілер өз жобаларын қорытынды іс-шарада таныстырды.

№1 мектепте микроклиматты цифрлық бақылау жобасы іске қосылды. №4 мектепте топырақты зерттеп, өсімдіктер өсіруге арналған зертхана құрылды. Ал Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейдің оқушылары қылқан жапырақты ағаштарды тамшылатып суарудың автоматтандырылған жүйесін енгізді.

Бағдарламаның тағы бір маңызды бағыты — жылыжайда өсімдіктерді заманауи технологиялар арқылы өсіру. Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицейде күн энергиясымен қамтамасыз ету жүйесі, автоматтандырылған суару және микроклиматты бақылау жүйесі орнатылды. Ал №12 мектепте жыл бойы микрожасыл өнім өндіруге мүмкіндік беретін ақылды кешен жасалды.

Айта кетейік, бұл бағдарлама педагогтердің оқыту тәсіліне де өзгеріс енгізіп отыр. №12 мектептің информатика пәні мұғалімі Ерсұлтан Амантайдың айтуынша, жобаға қатысу сабақтарды барынша тәжірибеге бағыттауға және кәсіби тұрғыдан өсуіне ықпал еткен.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.