Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Астанада алғашқы қоңырауды робот-ұстаз соқты

Астанада алғашқы қоңырауды робот-ұстаз соқты

Елордалық мектеп оқу-тәрбие процесіне робот-ассистентті енгізді

QazMonitor Logo
Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

Астанадағы №82 «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінде жаңа оқу жылы ерекше форматта басталды. Білім мен заманауи технологияны ұштастырған оқу ордасында алғашқы қоңырау робот-ұстаздың қатысуымен соғылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл мектепте барлығы 1710 оқушы білім алады. Оның ішінде 1-4 сыныптарда 846, ал 5-11 сыныптарда 864 оқушы бар. Жалпы жаңа оқу жылында осы мектепте 260 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, білім әлеміне қадам басты.

Бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау ерекше әсерлі өтті. Балалар робот ұстазбен бірге алғашқы қоңырауын соғып, жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастады. Бұл – білім беру саласында цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған жаңа қадамдардың бірі.

Робот-ассистенттің оқу-тәрбие процесіне енгізілуі оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, технологиялық сауаттылықты қалыптастыруға да мүмкіндік береді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.