Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Түркістан облысы полициясында дрон операторларын даярлау орталығы ашылды

Түркістан облысы полициясында дрон операторларын даярлау орталығы ашылды

Жаңа орталық қызметкерлердің ұшқышсыз аппараттарды жедел-қызметтік жұмыста тиімді пайдалану дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді

QazMonitor Logo
Фото: ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ

Түркістан облысы полиция департаментінде ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын даярлау және практикалық оқыту орталығы ашылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Жаңа орталық полиция қызметкерлеріне заманауи технологияларды меңгеріп, дрондарды жедел-қызметтік жұмыстарда тиімді пайдалану дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Орталықтың ашылуы барысында мердігер компанияның мамандары арнайы жабдықтар мен симуляциялық кешеннің мүмкіндіктерін таныстырды. Қатысушылар ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару, ұшыру және қондыру бойынша практикалық жаттығуларды тамашалады.

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Сейітжомарт Сейітхан оқу орталығының ашылуына үлес қосқан азаматтардың еңбегінің маңызын атап өтті. Орталықтың материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға атсалысқан азаматтарға Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығы атынан алғыс білдіріліп, бірқатарына арнайы марапаттар табысталды.

«Оқу орталығында Түркістан облысы ПД-нің жедел қызметтері, табиғатты қорғау полициясы мен патрульдік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері оқытылып, олардың кәсіби даярлығын арттыруға бағытталған сабақтар тұрақты түрде жүргізілетін болады», - деді Сейітжомарт Сейітхан.

Жоба полиция қызметіне заманауи цифрлық технологияларды енгізіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тиімділігін арттыруға бағытталған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.