Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстанда AI+X моделі арқылы жаңа буын мамандары даярланады

Қазақстанда AI+X моделі арқылы жаңа буын мамандары даярланады

MNU-да жасанды интеллектіні нақты кәсіби салалармен ұштастыратын жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылды

QazMonitor Logo
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын нақты кәсіби салалардағы біліммен ұштастыратын мамандар даярлаудың жаңа моделі сынақтан өткізіліп жатыр. Оның алғашқы мысалдарының бірі – Maqsut Narikbayev University (MNU) іске қосқан Artificial Intelligence and Frontier Systems: AI+X білім беру бағдарламасы, деп хабарлайды QazMonitor.

Бүгін MNU-да бағдарламаның ресми ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Президентінің көмекшісі Қуанышбек Есекеев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, MNU Басқарма төрағасы Талғат Нарикбаев, оқытушылар мен студенттер қатысты. Қатысушылар AI Agentic Lab зертханасының жұмысымен де танысты.

AI+X моделі екі бағытты біріктіреді: AI – жасанды интеллект және X – нақты кәсіби сала. Студенттер ЖИ бойынша білім алып қана қоймай, қаржы, экономика немесе бизнес-менеджмент сияқты бағыттардың бірін меңгереді. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.

«Бүгін біз жасанды интеллект саласындағы терең білімді нақты салаларды түсінумен ұштастыра алатын мамандар даярлаудың жаңа моделін сынақтан өткізудің алғашқы практикалық қадамын жасап отырмыз. Сондықтан бүгін AI Agentic Lab зертханасының ашылуының маңызы зор», – деді Саясат Нұрбек.

AI+X моделін сынақтан өткізу үшін MNU және AI Research University жоғары білім беру саласындағы эксперименттік алаң мәртебесіне ие болды. 2026–2028 жылдарға арналған эксперимент барысында жаңа білім беру форматтары мен мамандар даярлау тәсілдері сыналады.

Бағдарламаны MNU, Seoul Cyber University және отандық Shai.pro және Alpha.Tech.Edu технологиялық компаниялары бірлесіп іске асырады. Студенттер бағдарламалау, деректерді талдау, машиналық және терең оқыту, интеллектуалды жүйелерді жобалау және AI шешімдерін әзірлеуді меңгереді.

Бағдарламаға алғашқы қабылдау кезінде шамамен 70 студент қабылданды.

Практикалық сабақтар AI Agentic Lab зертханасында өтеді. Мұнда студенттер мен зерттеушілер агенттік AI-жүйелер әзірлейді. Модельдерді әзірлеу, оқыту және тестілеу үшін университетте өнімділігі 3 петафлопс болатын жеке GPU паркі құрылған.

AI+X моделі жасанды интеллектіні білім берумен қатар, ғылыми зерттеулерге, университет инфрақұрылымы мен басқару жүйесіне енгізуді көздейтін AI-Enabled University тұжырымдамасының бір бөлігі болып отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.