Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қарағандыда үйге медбике шақыруға арналған MEDIXGO сервисі іске қосылады
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 08 желтоқсан, 2025 | 12:22
1 минут - оқу уақыты

Қарағандыда үйге медбике шақыруға арналған MEDIXGO сервисі іске қосылады

Жоба әзірше Астанада пилоттық режимде жұмыс істеп тұр

QazMonitor Logo
Қарағанды облысының әкімдігі
Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандылық IT-мамандар әзірлеген MEDIXGO сервисі үй жағдайында медициналық процедура жасату үшін білікті мамандар табу мәселесін шешуге бағытталған. Қазіргі уақытта жоба Астанада пилоттық режимде жұмыс істеп тұр, ал жақын уақытта Қарағанды тұрғындары үшін де қолжетімді болмақ.

Платформа инъекция, система сияқты медициналық қызметтерді орындау үшін медбике немесе фельдшерді онлайн шақыруға мүмкіндік береді. Жоба биыл қаңтарда Қарағандыда ұсынылып, гипотезаларды тексеру мақсатында Астанада іске қосылған. Қызметті өз өңіріне кеңейту келесі жылдың басына жоспарланған.

Жобаның негізін қалаушылардың айтуынша, цифрландырудың жоғары деңгейіне қарамастан, үйге келетін кәсіби медицина қызметкерін табу әлі күнге дейін қиындық туғызады.

MEDIXGO сервисінің басты артықшылығы – ашықтық пен қауіпсіздік. Платформада жұмыс істейтін мамандар қатаң тексеруден өтеді: дипломдар мен сертификаттардың көшірмелері, санитарлық кітапша және жұмыс орнынан анықтама сұралады, барлық құжаттар дерекқор арқылы тексеріледі. Толық тексеруден кейін ғана маманға тапсырыстар қабылдауға рұқсат беріледі.

Қосымша арқылы қызмет көрсететін медицина мамандары да, пайдаланушылар да оның ыңғайлылығын атап өтеді. Процедуралар тек дәрігер тағайындауы бойынша ғана жасалады. Өтінім түскен кезде әкімші пациенттен қажетті материалдардың бар-жоғын және тағайындауды нақтылап алады.

Қазір платформада 160-тан астам пайдаланушы бар, ал ай сайын 30-40 шақырту тіркеледі. Көпшілігі сервис сапасына байланысты тұрақты клиентке айналған.

MEDIXGO.KZ негізін қалаушы Олжас Жанбатыров жоба Қарағандыда 2026 жылы іске қосылатынын айтты.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.