Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстанда жастарға кеңес беретін чат-бот жұмысын бастады
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 13 желтоқсан, 2025 | 16:56
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда жастарға кеңес беретін чат-бот жұмысын бастады

«Қазақстан жастары – 2025» Ұлттық баяндамасы таныстырылды

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Қазақстанда «JASTAR.AI» виртуалды кеңесші чат-боты жұмысын бастады. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жылдық есептік кездесу өткізіп, жаңа виртуалды кеңесшіні таныстырды.

Орталық «Қазақстан жастары – 2025» Ұлттық баяндамасы таныстырды. Зерттеу жастар арасындағы урбанизация қарқынының, цифрлық құзыреттерге қызығушылықтың артуын, экономикалық мінез-құлықтың өзгеруін, сондай-ақ психологиялық әл-ауқат пен қауіпсіздік саласындағы жаңа сұраныстарды көрсетеді.

«2025 жылғы басылым жеті тақырыптық блоктан тұрады. Оның ішінде екі жаңа бағыт – «Қылмыс пен қауіпсіздік» және «Мемлекеттік жастар саясаты». Бұл бағыттар жастардың өзекті әрі сезімтал сұраныстарын неғұрлым дәл ескеруге және қолдау шараларын қалыптастыруға мүмкіндік береді», делінген Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпаратында.

Ведомство жылдың маңызды нәтижелерінің бірі – Жастардың даму индексі екенін атап өтті. Бұл – жастар жағдайын 32 көрсеткіш бойынша бақылауға арналған аналитикалық құрал.

«Индексті енгізу мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға кедергі келтіретін факторларды дер кезінде анықтауға және жастардың пікірін ескере отырып, олардың жағдайын жақсарту шараларын әзірлеуге бағытталған», делінген ақпаратта.

Сонымен қатар кездесуде «JASTAR.AI» виртуалды кеңесші чат-боты да таныстырылды. Ол жастарға мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратқа жедел әрі қолжетімді түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл құрал цифрлық түсіндіру жұмыстарының қолжетімділігін арттыруға және жастардың мемлекеттік институттармен тиімді өзара іс-қимылына ықпал етуге арналған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.