Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстан ЖИ-экономика кадрларын даярлауда: 900 мыңнан астам адам оқытылды

Қазақстан ЖИ-экономика кадрларын даярлауда: 900 мыңнан астам адам оқытылды

Елдің 19 өңіріндегі IT-хабтар цифрлық дағдыларды тегін игеруге мүмкіндік беріп отыр

QazMonitor Logo
RDNE Stock project/Рexels
RDNE Stock project/Рexels

Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 5 жылдық оқыту бағдарламасының аралық қорытындысын жариялады. 2025 жылдың соңындағы көрсеткіш бойынша, елде ЖИ және цифрлық дағдылар бойынша білім алғандар саны 1 миллионға жақындады, деп хабарлайды QazMonitor.

Ведомство мәліметінше, жоғары білікті IT-кадрларды даярлау үшін қаржылық ынталандыру тетіктері іске қосылған. Tech Orda бағдарламасы аясында 9 000-нан астам студент оқытылған. Мемлекет бір студенттің оқуына 500 мың теңгеге дейін субсидия бөледі. 2025 жылы түскен 34 мың өтінімнің ішінен 2 600 үміткер іріктеуден өтті.

Peer-to-peer үлгісіндегі Tomorrow School алғашқы ЖИ мектебінде қазір Қазақстан мен шетелден (АҚШ, Ресей, Әзербайжан) 350-ден астам студент білім алуда.

ЖИ мамандықтарына студенттерден мемлекеттік қызметшілерге дейін оқып жатыр. Цифрлық сауаттылықты арттыру бағдарламасы қоғамның барлық сегментін қамтиды. Бүгінде 650 мыңнан астам студент қолданбалы ЖИ-дағдылар бойынша сертификат алды. 300 мыңға жуық мұғалім ЖИ құралдарын оқу үдерісіне енгізуді меңгерсе, TUMO Astana орталығы 2026 жылдың ақпанынан бастап жасөспірімдерді тегін оқытуды бастайды.

Экономиканың нақты секторын цифрландыру мақсатында AI Corporate бағдарламасы іске қосылды. Кәсіпкерлер мен компания қызметкерлеріне арналған алғашқы лек 2026 жылғы ақпанда оқуды бастайды.

Сонымен қатар, онлайн-платформалар арқылы жаппай оқыту тренді байқалады. Мәселен, Skillbox платформасында (ChatGPT курсы) 186 мыңнан астам адам білім алса, QazCoders-те 1,6 мыңнан астам адам халықаралық деңгейдегі курстарды аяқтады.

«Біздің мақсатымыз - ЖИ-дағдыларын баршаға қолжетімді ету. Атқарылған жұмыс нәтижесі адамдардың сала бойынша білім алып, ЖИ-ді тәжірибе жүзінде қолдануға дайын екенін көрсетіп отыр», деді министрлікте.

Министрлік дерегінше, еліміздің 19 өңіріндегі IT-хабтар цифрлық дағдыларды тегін меңгеруге мүмкіндік беретін негізгі инфрақұрылымға айналған.  

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.