Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Банкоматтан ақша алушылардың тізілімі жасала ма?

Банкоматтан ақша алушылардың тізілімі жасала ма?

Ұлттық Банк қолма-қол ақша алатындар тізілімі туралы ақпаратты жоққа шығарды

QazMonitor Logo
Peggy und Marco Lachmann-Anke/Pixabay
Peggy und Marco Lachmann-Anke/Pixabay

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мемлекет тарапынан банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтардың деректер базасы құрылды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды QazMonitor.

«Ұлттық Банкі «елімізде қолма-қол ақша алу фактісі бойынша тізілімдер қалыптастырылмайтынын атап өтті», делінген орталық хабарламасында.

Банкоматтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары орнатылғанын атап өтті. Олар қылмыстың (алаяқтық немесе ұрлық) алдын алуға, сондай-ақ клиенттердің және ықтимал құқық бұзушылардың әрекеттерін тіркеу арқылы оқиғаларды тергеп-тексеру барысында пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бейнежазбаларды сақтау даулы жағдайлар мен құқық бұзушылықтар кезінде дәлелдеме ретінде қызмет етеді және банк клиенттері мен қаржы ұйымдарының мүдделерін қорғауға бағытталғанын еске салды.

Бұл талаптар Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысымен бекітілген. Соған сәйкес, банктер банкоматтарда төлем карточкасын ұстаушының бет-жүзін тіркеуге мүмкіндік беретін кемінде бір бейнекамера орнатуға міндетті. Бейнежазбаларды сақтау мерзімдерін біріздендіру мақсатында, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап банктер бейнеақпаратты кемінде 180 күнтізбелік күн сақтау талаптарын орындауға тиіс.

Ал қолданыстағы заңнамада банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алатын тұлғаларды алу жиілігіне немесе сомасына қарамастан тіркеу жөнінде өзге талаптар жазылмаған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.