Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Экономикалық өсім, инфляцияны төмендету және бизнесті қолдау – Ұлттық экономика басымдықтарды айқындады

Экономикалық өсім, инфляцияны төмендету және бизнесті қолдау – Ұлттық экономика басымдықтарды айқындады

Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай тапсырмаларын іске асыруға бағытталған нақты жоспарлар мен экономикалық реформаларды таныстырды

QazMonitor Logo
UKIMET
UKIMET

Үкіметтің отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының бесінші Ұлттық құрылтайдағы тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-қимылдар туралы баяндама жасады, деп хабарлайды QazMonitor.

Министр атап өткендей, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында макроэкономикалық тұрақтандыру және халық табысын көбейтуге бағытталған 2026–2028 жылдарға арналған бірлескен бағдарлама іске асырылуда.

«Негізгі басымдық халықтың табысын арттыру болып табылады», – деді министр. Сол арқылы биыл халықтың нақты табысының өсуі 2–3%-дан жоғары болуы тиіс.

Жұманғарин экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін ЖІӨ өсімі 5%-дан кем болмауы қажет екенін, ал инвестиция көлемі ЖІӨ-ге шаққанда 18%-ға дейін жеткізілетінін айтты.

«Шикізатқа жатпайтын секторларды дамыту, еңбек өнімділігін арттыру және цифрландыруға баса назар аударылады», – деді ол.

Министр инфляцияны 9–11% деңгейіне түсіру бойынша шаралар қабылданатынын жеткізіп, азық-түлік тауарлары тізбесі 19-дан 31-ге кеңейтілгенін атап өтті. Сондай-ақ жаңа Салық кодексінің жүйелі түсіндірілуі, бизнес өкілдерімен 130 мыңға жуық қатысумен семинарлар ұйымдастырылуы да баяндамада айтылды.

Бизнестің дамуына қолдау көрсету үшін «Өрлеу» жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы мен «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасы жүзеге асырылып жатқаны баяндалды. Бұл бағыттар бойынша шамамен 23 мың жобаны қолдау жоспарланған.

Министрдің айтуынша, жобалық кеңсе құрылады.

«Жобалық кеңсе бизнестің өтініштері шоғырланатын, келісілген шешімдер қабылданатын бірыңғай үйлестіру нүктесіне айналады», - деді ол.

Осылайша Үкімет инвестиция тарту, экономикалық өсім және халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүйелі түрде іске асыруды жалғастыруда.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.