Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда дербес деректерді таратқандар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Қазақстанда дербес деректерді таратқандар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Жеке деректерді таратқаны үшін айыппұл 21,6 млн теңгеге дейін өседі

QazMonitor Logo
hamonazaryan1/Pixabay
hamonazaryan1/Pixabay

Қазақстанда дербес деректердің жаппай таралып кетуі үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин азаматтардың жеке ақпаратын қорғауды күшейту және деректер қауіпсіздігін бұзғаны үшін айыппұлдарды арттыру жоспарлары туралы мәлімдеді.

«Сонымен қатар, дербес деректердің жаппай таралып кетуі үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынамыз. Цифрлық трансформация азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі тиіс. Ал жеке ақпаратқа жауапсыз қараудың кез келген фактісі заңға сәйкес жазалануы керек», деді Коняшкин Үкімет отырысы кезінде.

Сондай-ақ, елде қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік айыппұлдардың шегін 5000 АЕК-ке дейін арттыру жоспарлануда, бұл 21 625 000 теңгені құрайды.

Еске салсақ, бұған дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев депутаттық сауалға берген жауабында дербес деректерді таратқаны үшін айыппұлдар 2000 АЕК дейін өскенін айтқан болатын.

Былтыр дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына жоспардан тыс 69 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде жеке деректерді таратқан 22 заңды және лауазымды тұлғаға 10 665 350 теңге айыппұл салынды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.