Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады

Қазақстанда Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады

Жаңа институт құрылыс саласындағы техникалық талаптарды әзірлеу мен халықаралық стандарттармен үйлестіруді қамтамасыз етеді

QazMonitor Logo
Pexels / ThisIsEngineering
Pexels / ThisIsEngineering

Қазақстанда құрылыс саласындағы техникалық нормативтерді жетілдіруге бағытталған Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады, деп хабарлайд QazMonitor. Жаңа құрылым саланың техникалық нормативтік талаптарын ғылыми зерттеу, әзірлеу, өзектендіру және сүйемелдеу бойынша бірыңғай орталыққа айналады.

Институттың негізгі міндеттерінің бірі –  құрылыс саласындағы стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру. Осы арқылы отандық нормалардың сапасын арттыру және заманауи талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Сонымен қатар институт аясында құрылымдар, сәулет, қала құрылысы, көлік, құбыр жүйелері, сумен жабдықтау және өзге де бағыттар бойынша салалық техникалық комитеттер құрылады. Олардың құрамына нарықтан тартылған білікті мамандар қатысады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.