Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Түркістан облысында капсулалы үйлер шығарылады

Түркістан облысында капсулалы үйлер шығарылады

Жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, туризмді дамытуға көмектеседі

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Түркістан облысындағы шағын өндірістік паркте капсулалы үйлер мен сэндвич-панель шығарылып жатыр, деп хабарлайды QazMonitor.

«KHAN TAU» брендімен капсулалы үйлер шығарылып жатқан шағын ғимараттарды туристік кешендер мен глэмпингтер, модульдік кеңселер мен мобильді үйлер, көрме павильондары, дала зертханалары, қонақүйлерге пайдалануға болады.

Жоба заманауи жобалау және өндіріс технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылуда. Бұл бастама туристік, қалалық және инфрақұрылымдық салаларға арналған энергия үнемдейтін, мобильді әрі көпфункционалды шешімдер мен дайын бөлмелерді шығаруға мүмкіндік береді.

Түркістан облыстық әкімдігінің мәліметінше, кәсіпорын жылына 200 данаға дейін дайын өнім шығара алады.

Аталған смарт-құрылыстарды ішкі туризмді дамыту, туристік кластерлер қалыптастыру, қалалық ортаны абаттандыру, сондай-ақ әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мақсатында пайдалануға болады. Жоба өңірде жоғары технологиялық өндірісті дамытуға, инвестициялар тартуға және заманауи құрылыс шешімдерін енгізуге бағытталған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.