Астанада қоғамдық орындарда роботтандырылған патрульдік кешен іске қосылды, деп хабарлайды QazMonitor. Робот-ит елорданың көлік инфрақұрылымы нысандарында және ірі сауда орталықтарында қызмет атқарады.
Жүйе нақты уақыт режимінде бейнебақылауды полицияның жедел басқару орталығымен біріктіреді. Бұл технология қоғамдық ахуалды бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жедел әрекет ету үшін қолданылады.
Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу ішкі істер органдарын кезең-кезеңімен цифрлық трансформациялау аясында жүзеге асырылуда.