Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Мәжілісте мемлекеттік қызметшілерге жеңілдетілген ипотека енгізу ұсынылды

Мәжілісте мемлекеттік қызметшілерге жеңілдетілген ипотека енгізу ұсынылды

Парламенттің төменгі палатасының пленарлық отырысында мұндай ұсыныспен депутат Ерлан Стамбеков сөз сөйледі

QazMonitor Logo
Pexels / Kindel Media
Pexels / Kindel Media

Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында Ерлан Стамбеков бүгінгі таңда орта және төменгі буындағы шенеуніктердің нақты жағдайы ескерусіз қалып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды QazMonitor.

Мәжіліс депутаты мемлекеттік қызметшілердің заң аясында қосымша табыс табу мүмкіндігінен айырылғанын айтты.

«Дәл осы қызметкерлер күрделі әрі жауапты жұмыстың негізгі көлемін атқарады, алайда олардың жалақысы 180 мың теңгеден басталады, бұл жүктеме деңгейіне сәйкес келмейді. Бұған дейін мемлекеттік қызметте еңбекақы төлеуді жақсарту шарасы ретінде жарияланған факторлық-балдық еңбекақы төлеу жүйесі іс жүзінде басшылықтың жоғары буынының табысының өсуіне алып келді. Ал қызметкерлердің басым бөлігі үшін жағдай жақсарған жоқ, керісінше еңбекақыдағы теңсіздік күшейді», – деді Ерлан Стамбеков.

Халық қалаулысы орта және төменгі буындағы мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейі мен табыстары арасындағы сәйкессіздікті жоятын еңбекақы төлеу тәсілдерін әзірлеуді ұсынды.

«Медициналық қызмет көрсету, білім беру және тұрғын үй сатып алу бойынша жеңілдіктерді қамтитын әлеуметтік ынталандыру жүйесін енгізуді ұсынамын. Үкіметті «Отбасы банкі» базасында мемлекеттік қызметшілерге бастапқы жарнасыз, төмен пайыздық мөлшерлемемен және банк сыйақысын мемлекет есебінен өтеу арқылы жеңілдетілген ипотека беру мүмкіндігін қарастыруға шақырамын», – деп атап өтті Ерлан Стамбеков.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.