Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыдағы ескі зауыттар заманауи индустриялық парктерге айналады

Алматыдағы ескі зауыттар заманауи индустриялық парктерге айналады

Мегаполистің индустриялық келбеті түбегейлі өзгеріске еніп жатыр

QazMonitor Logo
Фото Алматы әкімдігі
Фото Алматы әкімдігі

Алматының Жетісу ауданында тоқырауға ұшыраған оннан астам кәсіпорын базасында шағын өнеркәсіп парктерін құру жобасы қарқын алды, деп хабарлайды QazMonitor.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұл қадам тек ескі ғимараттарға жан бітіріп қана қоймай, шағын және орта бизнестің дамуына жаңа серпін беріп, қала экономикасын әртараптандыруды көздейді.

Қазіргі таңда аудан аумағында 10-нан астам өнеркәсіптік нысан жаңғырту жұмыстарына дайын екенін растады. Бұл кәсіпорындардың басым бөлігі инженерлік желілері дайын болғанымен, технологиялық ескіру мен инфрақұрылымның тозуына байланысты толық қуатында жұмыс істей алмай отырған болатын.

Жобаның негізгі ерекшелігі – бір кеңістікте бірнеше шағын және орта бизнес субъектілерін шоғырландыру. Бұл тәсіл бос тұрған цехтар мен қоймаларды қайта айналымға енгізіп, кәсіпкерлер үшін дайын өндірістік алаңдар ұсынуға мүмкіндік береді.

Пилоттық тізімге өндірістік әлеуеті зор нысандар қатарында бетон және темірбетон бұйымдарының өндіретін «Темірбетон-1», жол қауіпсіздігі өнімдерін шығаратын «Жол белгілері зауыты», сондай-ақ бұрын Алматы ет комбинаты орналасқан аумақтағы «Нұрәлем Алматы» бар.

Алматы әкімдігі кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Almaty Finance» АҚ арқылы жеңілдетілген қаржыландыру тетіктерін іске қосты. Қазіргі уақытта нысан иелері ғимараттарды жаңарту мен жаңа өндіріс желілерін іске қосу үшін қажетті құжаттарды әзірлеуде.

Қазіргі кезде Алматы әкімдігінің қолдауымен кәсіпкерлер «Almaty Finance» АҚ арқылы жеңілдетілген қаржыландыру алу үшін құжаттар топтамасын әзірлеп жатыр. Қаражат ғимараттарды жаңартуға, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға және жаңа өндірістерді іске қосуға бағытталады.

Жоспар бойынша шағын индустриялық парктердің аумағы 5 мыңнан 10 мың шаршы метрге дейін жетеді. Қаржыландыру бекітіліп, рұқсат құжаттары рәсімделген соң заманауи, қауіпсіз әрі экологиялық талаптарға сай өндірістік алаңдарды құруға бағытталған құрылыс-монтаж жұмыстары басталады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.