Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Еңбек нарығы: жұмыс берушілер – Астанада, сұраныста – мұғалімдер

Еңбек нарығы: жұмыс берушілер – Астанада, сұраныста – мұғалімдер

2025 жылы Enbek.kz порталында 1,3 млн-нан астам бос жұмыс орны жарияланып, 1,45 млн түйіндеме орналастырылған

QazMonitor Logo
Pexels / cottonbro studio
Pexels / cottonbro studio

Жұмыс берушілер тарапынан ең жоғары белсенділік Астана қаласында байқалды — елордада 118,2 мың бос жұмыс орны жарияланған, деп хабарлайды QazMonitor. Одан кейін Түркістан облысы мен Алматы қаласы тұр. Ал салалар бойынша сұраныстың басым бөлігі білім беру саласына тиесілі: 380,6 мың бос орын, яғни барлық ұсыныстың шамамен үштен бірі. Бұл мұғалімдер мен тәрбиешілерге сұраныстың әлі де жоғары екенін көрсетеді.

Жалпы бос жұмыс орындарының 75%-ы білікті мамандарға арналған. Ең көп қажет етілген мамандықтар қатарында мейіргерлер, тәрбиешілер, автокөлік жүргізушілері және санитарлар бар. Аймақтық тұрғыда солтүстік және шығыс өңірлерде кадр тапшылығы сезілсе, оңтүстікте, керісінше, түйіндемелер саны бос жұмыс орнынан едәуір асып түскен.

Сарапшылар бұл айырмашылықты демографиялық және көші-қон факторларымен байланыстырады.

Сонымен қатар, 2025 жылы жалақы деңгейі бойынша ең жоғары ұсыныстар теңіз флотының штурмандары үшін тіркелді — айына 875-900 мың теңге. Тау-кен саласында учаске басшысының орынбасарларына 714 мың теңгеден жоғары, ал бұрғылау қондырғыларының машинистеріне 700 мың теңгеден бастап жалақы ұсынылған. Ал жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақыны ұшқыштар күткен – түйіндемелерде көрсетілген орташа сома 1,9 млн теңгеге дейін жеткен.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.