QURMET дисконттық картасы ұлттық тасымалдаушының барлық пойыздарында жарамды. Ол купе, плацкарт және отыратын вагондарға орын шектеусіз билет алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды QazMonitor.
Сондай-ақ 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушыларға арналған KETTİK33 дисконттық картасы енгізілді. Бұл карта арқылы купе вагондарындағы жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға билеттер 33% жеңілдікпен рәсімделеді. Картаның құны мен жарамдылық мерзімі – QURMET картасымен бірдей.
Дисконттық карталар тек иесінің атына рәсімделеді және басқа адамдарға берілмейді. Оларды теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан жеке куәлік арқылы алуға болады.
Жеңілдіктер билет кассаларында немесе bilet.railways.kz сайты арқылы сатып алынған билеттерге ғана қолданылады. Ал екінші деңгейлі банктердің платформалары арқылы алынған билеттерге жеңілдік қарастырылмаған.
Айта кетейік, дисконттық карталардың қолданылуы мерекелік және каникул кезеңдерінде тоқтатылады. Атап айтқанда, 2026 жылғы 20-29 наурыз, 25-30 желтоқсан аралығы және маусым–тамыз айларында жеңілдіктер жарамсыз болады.