Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада жаңа 11 медицицналық нысан салынады

Астанада жаңа 11 медицицналық нысан салынады

Соңғы 10 жылда елордада босану көрсеткіші 35%-ға артқан

QazMonitor Logo
Instagram / jenis_qasymbek
Instagram / jenis_qasymbek

Елордада 11 жаңа нысан салу жоспарланып отыр. Олардың қатарында республикалық орталықтар, көпсалалы ауруханалар, емханалар және қосалқы жедел жәрдем станциялары бар. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Оның сөзінше, соңғы 10 жылда елордада босану саны 35%-ға артқан. Сол себепті қалалық акушерлік стационарлар шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп келеді. Осы мәселені шешу үшін қалада әрқайсысы 250 орынға арналған екі перинаталдық орталық салынады.

«Алғашқы перинаталдық орталық «Самұрық-Қазына» АҚ қаражаты есебінен салынады. Қазіргі уақытта құрылыс жұмысы жүріп жатыр, нысанды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Екінші перинаталдық орталық бойынша биыл жобалау жұмысын аяқтау, ал нысанды 2028 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр», делінген ақпаратта.

Сондай-ақ жедел медициналық жәрдемді дамыту аясында жақын уақытта №2 қалалық көпбейінді аурухана жанындағы қабылдау-диагностикалық кешенінің (ҚДК) құрылысы аяқталады. Бұл жедел медициналық жәрдемнің қолжетімділігі мен көрсетілу жылдамдығының артуына мүмкіндік беріп, стационарлық көмектің флагманына айналады.

Сол сияқты «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қолдауымен Сарыарқа ауданындағы №3 жаңа көпбейінді қалалық аурухананың (КҚА-3) жобалау жұмысы жалғасып жатыр.

2026 жылдың 15 ақпанына дейін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының базасында Нұра және Есіл аудандары үшін балаларға арналған травматологиялық пункт жұмысын бастайды.

«Бұл оң жағалауда орналасқан қолданыстағы балалар травмпунктіне түсетін жүктемені едәуір азайтып, балаларға арналған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді», деп қосты әкім.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.