Премьер-министр барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды QazMonitor. Әсіресе әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан жалған және бұрмаланған ақпараттарға қарсы іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Ішкі істер министрлігіне «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес, шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық шаралар қолдануды және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету міндеті жүктелді.
Жұмысты үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға тапсырылды.