Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Вокзалдарда мүгедектігі бар жолаушыларға арналған сүйемелдеу қызметі іске қосылды

Вокзалдарда мүгедектігі бар жолаушыларға арналған сүйемелдеу қызметі іске қосылды

Қызмет 57 вокзалда қолжетімді және оны билет сатып алу кезінде алдын ала рәсімдеуге болады

QazMonitor Logo
ҚТЖ
ҚТЖ

Жаңа сервис вокзал қызметкерлерінің көмегін алдын ала рәсімдеуге мүмкіндік беріп, жолаушыны автокөліктен пойыз вагонына дейін және кері бағытта, сондай-ақ вокзал аумағында толық сүйемелдеуді көздейді, деп хабарлайды QazMonitor «ҚТЖ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теміржол көлігімен сапарлау кезінде көмек алу үшін өтінімді bilet.railways.kz сайтында билет сатып алу барысында рәсімдеуге болады. Қазіргі таңда қызмет арнайы арбалармен жабдықталған 57 вокзалда қолжетімді. 

Қызметті рәсімдеу үшін жолаушы билет сатып алу кезінде «Мүгедек» опциясын таңдап, жеке сәйкестендіру нөмірі мен мүгедектік туралы анықтаманың нөмірін көрсетуі қажет. Сондай-ақ қажетті көмек түрлерін алдын ала белгілеуге болады.

Қолжетімді қызметтер қатарына пойыз жөнелтілер алдында және пойыздан түсу кезінде вокзал қызметкерінің сүйемелдеуі, сондай-ақ арнайы арба ұсыну кіреді. Алдын ала өтінім беру вокзал қызметкерлеріне сапардың барлық кезеңінде уақтылы әрі толыққанды көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін жол жүруге жеңілдіктер қарастырылған. Әлеуметтік маңызы бар бағыттарда билет құны 50 пайызға, ал коммерциялық «Тальго» пойыздарындағы арнайы купелерге, оның ішінде ілесіп жүретін адамға арналған орынға да 50 пайызға төмендетіледі.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.