Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алаяқтарға алданған қазақстандықтардың 500 миллион теңгеден астам қаржысы қайтарылды

Алаяқтарға алданған қазақстандықтардың 500 миллион теңгеден астам қаржысы қайтарылды

Антифрод-орталық алаяқтық белгісі бар 80 871 транзакцияны тіркеді

QazMonitor Logo
Sora Shimazak/pexels
Sora Shimazak/pexels

Антифрод-орталық 2,8 млрд теңге дер кезінде бұғаттап, алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтарға жарты миллиардтан астам теңге қайтарды, деп хабарлайды QazMonitor.

Ұлттық банк ақпаратына сәйкес, сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Антифрод-орталық алаяқтық белгісі бар 80 871 транзакцияны, сондай-ақ есірткі саудасы мен заңсыз ойын бизнесіне және қаржы пирамидасына қатысты 19 810-ға жуық оқиғаны тіркеген.

Антифрод-орталықтың бірыңғай контуры аясында алаяқтық операцияларға қарсы іс-қимыл процесінің негізгі қатысушылары, оның ішінде қаржы нарығының, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі мен ұялы байланыс операторларының өзара іс-қимылы жолға қойылған.

2025 жылы Ұлттық Банк Антифрод-орталықтың функционалын кеңейту және жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Заңнамалық түзетулер пакеті қабылданды. 

Ол зардап шеккендерге бұғатталған ақшаны қайтару процедурасын жеңілдетуді;алаяқтыққа қатысы бар нөмірлерді анықтау үшін Антифрод-орталықты ұялы байланыстың абонент құрылғыларының сәйкестендіру коды дерекқорымен (IMEI-кодтар) және байланыс операторларының базаларымен интеграциялауды, сондай-ақ оларды бұғаттау талаптарын; басқа заңсыз операцияларға қарсы іс-қимыл жасау үшін қосымша мәліметтер базасын қосу арқылы Антифрод-орталықтың функционалдығын кеңейтуді (есірткі саудасы, заңсыз ойын бизнесі және басқалар саласында) көздейді.

Сонымен қатар антифрод-орталықтың дерекқорына енгізілген тұлғалардың қаржылық қызметінің шектеулі тізбесін алу мүмкіндігін (зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы және жалақы төлеу аясында әлеуметтік төлемдер мен өзге де ақша аударымдарына қол жеткізуді) қамтиды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.