Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Бірқатар дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтер ҚҚС-тан босатылады – Денсаулық сақтау министрлігі

Бірқатар дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтер ҚҚС-тан босатылады – Денсаулық сақтау министрлігі

Жаңа Салық кодексі аясында 3 мыңнан астам дәрілік затқа салықтық жеңілдік қарастырылған

QazMonitor Logo
Pexels / Polina Tankilevitch
Pexels / Polina Tankilevitch

Үкімет қаулысына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында көрсетілетін медициналық қызметтер мен дәрілік препараттар ҚҚС төлеуден босатылады, деп хабарлайды QazMonitor.

Салықтық жеңілдіктер 3 мыңнан астам дәрілік затты қамтиды. Оның ішінде 1200-ден астам препарат орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған. Бұл дәрілер өткізу арнасына қарамастан, айналыстың барлық кезеңінде, соның ішінде көтерме және бөлшек саудада ҚҚС-тан босатылады.

Сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу, диагностикалау, алдын алу және оңалту бойынша медициналық қызметтерге де ҚҚС салынбайды. Бұдан бөлек, ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрі өндіруге пайдаланылатын импорттық фармацевтикалық субстанциялар да салықтан босатылады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.