Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жаңа әлеуметтік құрал: зейнетақы аннуитеті 50 жастан бастап төлем береді

Жаңа әлеуметтік құрал: зейнетақы аннуитеті 50 жастан бастап төлем береді

Әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда қызметкерлерге әртүрлі төлемдер қарастырылған

QazMonitor Logo
Pexels / Kampus Production
Pexels / Kampus Production

«Мемлекеттік аннуитеттік компания» елімізде алғаш болып өмір бойы төлем жүргізілетін зейнетақы аннуитеті шарттарын ұсына бастады, деп хабарлайды QazMonitor.

Компания сақтандырылған қызметкерлерге әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда мына төлемдерді жүзеге асырады:

  • денсаулыққа келтірілген зиянға байланысты шығындарды өтеу (дәрі-дәрмек, оңалту, шипажайлық емдеу);

  •  өндірістік жарақаттан кәсіби еңбекке қабілеттілігін жоғалтқандарға аннуитет бойынша мерзімдік төлем;

  • асыраушысынан айырылуға байланысты аннуитет төлемі;

  • зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегендерге предпенсиондық аннуитет бойынша төлем;

  • өндірістік оқиға салдарынан қайтыс болған жағдайда жерлеу шығындарын өтеу.

Зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін Ұлттық зейнетақы төлемдер қорының жинақтары жеткілікті болуы керек. Бұл жағдайда азаматтар белгіленген жасқа жетпей-ақ төлем ала алады:

  • ерлер 55 жастан, әйелдер 53 жастан;

  • міндетті кәсіби жарна төлеушілер 50 жастан.

2026 жылы аннуитет шартын жасау үшін қажетті жинақ мөлшері:

  • ерлерге – 10 715 001 теңге;

  • әйелдерге – 14 039 988 теңге;

  • міндетті кәсіби жарналары бар ерлерге – 8 713 438 теңге;

  • міндетті кәсіби жарналары бар әйелдерге – 11 667 514 теңге.

Аннуитеттің басты артықшылығы – төлемдер жинақ көлеміне қарамастан өмір бойы жүргізіледі.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.