Қазақстанның Ұлттық банкінде электрондық банктік және төлем қызметтерін көрсету ережелерін өзгертетін қаулы жобасы дайындалды, деп хабарлайды QazMonitor.
Ұлттық банк мүгедектігі бар азаматтардың қажеттіліктерін ескере отырып, банктер арқылы жасалатын операцияларды растау үшін биометрияны пайдалануды ұсынды.
Қаулы жобасында сондай-ақ банктермен өзара іс-қимыл түсінікті және ашық болуы үшін ашық банкинг жүйесі арқылы үшінші тарап төлем провайдерлерінің жұмыс істеу ережелерін бекіту көзделген.
Жобаны көпшілік талқылау 2026 жылғы 20 ақпанға дейін жалғасады.