Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды QazMonitor.
Кеңейтілген отырыста елдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады деп жоспарланған.
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің экономиканы тұрақтандыру бағытындағы есебін ұсынды. Оның сөзінше, жүргізілген реформалардың арқасында ел экономикасы серпінді даму кезеңіне аяқ басты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономика 6,5%-ға өсіп, құндық мәндегі арту $20,1 млрд құрады.
Салық және бюджет реформалары Ұлттық қордан трансферт алмай-ақ үш жылдық бюджетті қалыптастыруға мүмкіндік берді. 2028 жылға қарай бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 0,9%-ына дейін қысқартылмақ. Жергілікті бюджеттердің орталыққа тәуелділігі 2025 жылғы 50%-дан 2028 жылы 34%-ға дейін төмендейді.
Сонымен қатар Бектенов 2025 жылы ЖІӨ өсімі 6,5% құрағанын атап өтті. Экономикалық өсімді негізгі салалардың жедел дамуы қамтамасыз етті: Оның ішінде көлік – 17,8%-ға, құрылыс – 14,6%-ға, тау-кен өнеркәсібі – 17,4%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 12,2%-ға, сауда – 26%-ға және ауыл шаруашылығы – 5,9%-ға өсті.