Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанның төрт қаласында қызылша дертіне шалдығудың жоғары деңгейі тіркелді

Қазақстанның төрт қаласында қызылша дертіне шалдығудың жоғары деңгейі тіркелді

Ауырғандардың негізгі үлесі 5 жасқа дейінгі екпе алмаған балаларға тиесіл

QazMonitor Logo
Tima Miroshnichenko/pexels
Tima Miroshnichenko/pexels

Үкіметте қызылшаның эпидемиологиялық ахуалы қаралды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда қызылшаға шалдығу деңгейі 85%-ға төмендеген. Соған қарамастан, жыл басынан бері елде 1 951 жағдай тіркелген, деп хабарлайды QazMonitor.

Ең жоғары көрсеткіштер Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл мен Атырау облыстарында байқалады. Басым бөлігі 5 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді. Науқастардың көпшілігі – вакцина алмағандар, оның ішінде ата-анасының екпеден бас тартуы салдарынан егілмеген балалар бар.

Кеңес барысында қызылша бойынша жағдайы күрделі өңірлердің әкім орынбасарлары есеп берді. Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өңірлік штабтар деңгейінде эпидемиологиялық ахуалды күн сайын талдап отыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар профилактикалық екпемен қамту мәселесі де талқыланды. Бірқатар өңірлерде жоспарлы көрсеткіштер орындалмаған. Әсіресе Маңғыстау облысында негізгі вакциналар бойынша қамту деңгейі төмен болып отыр. Бұл инфекциялық аурулардың таралу қаупін күшейтеді.

Вице-премьер қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды және халық арасында иммундаудың маңыздылығы жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұл бағыттағы жұмысты, ең алдымен, Маңғыстау облысында күшейту қажет екені айтылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.