Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматы 2030 жылға дейінгі дендрологиялық жоспарын әзірлеп жатыр

Алматы 2030 жылға дейінгі дендрологиялық жоспарын әзірлеп жатыр

Осы аралықта мегаполисте 2,5 млн ағаш отырғызу көзделген

QazMonitor Logo
Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматының жасыл қорын ғылыми негізде басқару үшін 2026–2030 жылдарға арналған бес жылдық дендрологиялық жоспар әзірленуде. Құжат жаңа түгендеу мен орман-патологиялық зерттеу қорытындыларына сүйеніп дайындалады, деп хабарлайды QazMonitor.

Жоспарла жасыл желекті сауықтыру, жаңарту және орнықты дамыту шаралары қамтылады. Биыл дендрологиялық жоспарды әзірлеу толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал 2027 жылдан бастап көгалдандыру және жасыл аймақтарды жаңарту жұмыстары бекітілген құжат негізінде жүргізіледі.

Қалада ағаштардың санитарлық жай-күйі мен қауіпсіздігіне басымдық беру көзделіп отыр. 2022 жылдан бері жасыл қорды жаңартуға арналған бес жылдық бағдарлама жүзеге асуда. Көшелерді реконструкциялау аясында биіктігі 5-6 метр болатын ірі көлемді ағаштар және қалалық ортаға бейімделген бұталар кезең-кезеңімен отырғызылады.

2030 жылға дейін мегаполисте 2,5 млн жасыл желек отырғызу көзделген. 2023-2025 жылдары 1,06 млн-нан астам көшет егілді. 2025 жылы алғаш рет ірі көлемді ағаштарды жаппай отырғызу басталды. Нәтижесінде қалалық жасыл инфрақұрылымды жедел қалыптастыруға мүмкіндік туды.

2030 жылға қарай бір тұрғынға шаққандағы жасыл желекпен қамтамасыз ету көрсеткішін 15 шаршы метрге дейін жеткізу жоспарланған.

Сонымен қатар 2020 жылдан бері жасыл желектерді зиянкестер мен аурулардан қорғау бойынша химиялық-биологиялық өңдеу жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде зақымдану деңгейі 20–22%-ға дейін төмендеген.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.