Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан экономикасына 1,7 трлн теңге: Биыл қандай өндіріс орындары ашылады?

Қазақстан экономикасына 1,7 трлн теңге: Биыл қандай өндіріс орындары ашылады?

Үкімет 200 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр

QazMonitor Logo
telegram / KZgovernment
telegram / KZgovernment

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, нәтижесінде 19,4 мың тұрақты жұмыс орнын ашылады, деп хабарлайды QazMonitor

Ірі жобалардың қатарында Жамбыл облысындағы «ЕвроХим-Қаратау» компаниясының минералдық тыңайтқыштар өндіру зауыты бар. Павлодар облысында «Mineral Product International» ферросилиций өндірісін іске қосса, «Railcast systems» ұсталық-бандаждық кешен салынып жатыр.

Сонымен қатар жүк автомобильдері мен жол-құрылыс техникасын шығаратын «Barys Truck Manufactory» жобасы жүзеге асырылады. Қарағанды облысында «Saran Machinery» HOWO маркалы жүк автомобильдерін өндіруді жолға қояды.

Ведомство мәліметінше, барлық жобалар толық қуатына шыққанда өндіріс көлемі шамамен 2,3 трлн теңгені құрайды деп күтіледі. Оның ішінде 0,5 трлн теңгенің өнімі экспортқа бағытталса, 1,5 трлн теңге көлемінде импорт алмастыру жоспарланып отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.