Қайталама нарықтағы тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы жылдық есепте 13,6%-ға өссе, жаңа тұрғын үй бағасының өсу қарқыны инфляция деңгейінен айтарлықтай озып, 17,0%-ға дейін жеделдеді, деп хабарлайды QazMonitor Halyk Finance сайтына сілтеме жасап.
Бұл өсім нарықты реттеудегі өзгерістерге, ҚҚС мөлшерлемесінің көтерілуіне, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін төлемдерге және инфляцияның өсуіне байланысты болып отыр.
Жаңа тұрғын үй бағасының өсімі Алматы, Павлодар және Ақтөбе қалаларында байқалды, онда бастапқы үйдің бағасы тиісінше 23,6%-ға, 18,5%-ға және 18,4%-ға өсті. Қайталама нарықта да Алматы (24% өсіммен) және Павлодар (16,2% өсіммен) көш бастап тұр.
Сату-сатып алу мәмілелерінің саны бойынша Астана, Алматы қалалары және Қарағанды облысы негізгі сауда орталықтары болып қала бермек. Ең аз көрсеткіш әлі де, Ұлытау облысында тіркеліп отыр.