2025 жылы Павлодар облысында қуаттылығы жылына 100 мың тоннаға дейін алкилат өндіретін зауыттың құрылысы басталды, деп хабарлайды QazMonitor. Жоба мұнай-химия саласын дамытуға және жоғары октанды отын компоненттерін өндіру көлемін арттыруға бағытталған.
Жоспарға сәйкес, 2026 жылы өндірістік алаңда іргетастарды әзірлеу және монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ металл конструкцияларын орнату, әкімшілік және шаруашылық ғимараттарын салу көзделген.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде сала экспортқа бағдарланып, отандық нарықтың қажеттіліктерін 100 пайыз қамтамасыз етуге мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде импортқа тәуелділікті азайтып, өңірдің индустриялық әлеуетін күшейтеді.