Қазақстанда көмір химиясы саласындағы ірі жоба – Қарағанды облысында көмірден газ өндіретін зауыт салу мәселесі пысықталып жатыр, деп хабарлайды QazMonitor.
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серик Жұманғарин үкімет отырысында хабарлағандай, кәсіпорынның қуаттылығы жылына 2 млрд текше метр газды құрайды, ал инвестиция көлемі шамамен 2 млрд долларға бағаланып отыр.
Оның айтуынша, Қазақстанда көмір химиясын дамыту үшін шикізаттың қомақты қоры бар. Бұл сегменттегі күрделі салымды қажет ететін жобаларды іске асыру өнімнің кең спектрін – аммиак, метанол, этанол, полипропилен және газды – ішкі нарыққа да, экспортқа да бағыттай отырып өндіруге мүмкіндік береді.
Зауыт жобасы шикізатты өңдеу тереңдігін арттыру және экономиканы әртараптандыру стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр. Үкімет мұндай өндірістер еңбек өнімділігін арттырып, қосылған құнды ұлғайтады және жаңа экспорттық мүмкіндіктер туғызады деп күтеді.
Бастама экономикалық өсудің проактивті моделіне көшу аясында іске асырылуда. Бұл модельде мемлекет стратегиялық серіктестермен бірлесіп, нақты инвестициялық жобаларды қалыптастыруға және іске қосуға қатысады.